Командалық-штабтық оқу-жаттығу жиынын облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің жедел тобы ұйымдастырған, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.
Жаттығу барысында Тамды өзенінен лайлы сел тасқынының қаупі төнген кездегі басқару органдарының, авариялық құтқару қызметтері күштерінің жұмысын ұйымдастыру, аудан экономикасын басқару, көшірілген тұрғындарды орналастыруды ұйымдастыру бойынша «Ағын-111» және «Ағын-222» шартты сигналдары жарияланды. Жергілікті атқарушы органдардың өзара іс-қимыл шаралары көрсетілді.
Жауын-шашынның көп болуынан Тамды өзені суының деңгейі артқан жағдайда жағалауға жайылу мен қалың шөгу аумағы іргелес жатқан тұрғын үйлерге қауіп төндіреді. Осы қауіптердің алдын – алу мақсатында ұйымдастырылған оқу – жаттығу жұмыстарына 17 техника мен жеке құрамның 50 адамы жұмылдырылған.
Талас ауданы төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою жөніндегі комиссия отырысында нақты тапсырмалар берілді, онда төтенше жағдай орын алғанда дер кезінде жою және күштер мен құралдарды әрдайым әзірлікте ұстау қажеттілігі тапсырылды.