Таразда Ұлттық байқауға өтінімдер қабылдау басталды

0 3

«Мерейлі отбасы-2018» Ұлттық конкурсының қалалық турына Тараз қаласының әкімдігі өтінімдерді қабылдауды бастады, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.

Өтінімдер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу қағидаларын бекіту туралы» №181 қаулысына сәйкес қалалық әкімдіктің ішкі саясат бөліміне конкурстың басталғаны туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап бір ай ішінде қабылданады.

Конкурсқа қатысуға өтінім мынадай құжаттармен бірге беріледі:

1)ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жеке басын куәландыратын  құжаттардың көшірмелері, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері;

2) асырап алушы (қорғаншы) отбасылар үшін — жергілікті уәкілетті органның кәмелетке толмаған балаға қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу туралы шешімінен үзінді көшірме;

3) неке қию туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);

4) ата-аналарының біреуі қайтыс болған жағдайда, қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі — бар болса;

5) балаларды тәрбиелегені үшін алған көтермелеулердің, белгілі бір жетістіктері үшін алған көтермелеулердің бар екенін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;

6) балалардың, ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жұмыс (оқу) орнынан анықтамалар және мінездемелер;

7) ұсынымдар (әріптестерінің, көршілерінің, достарының);

8) отбасы мүшелерінің еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жоғары жетістіктерін куәландыратын құжаттардың көшірмелері.
Конкурстың облыстық турына қатысушыларды іріктеуді қаланың әкімі басқаратын конкурстық комиссия жүзеге асырады.

Толық ақпаратты қала әкімдігінің ішкі саясат бөлімінен немесе қала әкімдігінің ресми сайтынан алуға болады.

Анықтама телефондары: 8 (7262) 45-12-16, 45-38-91.

Leave A Reply

Your email address will not be published.