Өрт оқиғасы Жамбыл ауданына қарасты Ақбулым ауылындағы Жібек Жолы көшесінде орналасқан үйдің ауласында орын алған, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.
Шаруаның малына деп жинап отырған 450 түк шөбі таңғы сағат 11:38-де өртеніп бастап, ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ 8 қызметкері мен 2 бірлік арнайы техниканың күшімен толық 13:08-де сөндірілген.
Тағы да өрт оқиғасы Жуалы ауданына қарасты Жаңаталап ауылындағы Расылхан көшесінде тұрған жеке тұрғын үйден шыққан. ТЖД — ға келген хабарлама бойынша түскі сағат 17:10-да басталған өртті үй иелері өз күшімен өшірген.