Алматыны айналып өтетін темір жол станциясын салатын инвестор күзде анықталады

0 3

Инвестициялар және даму бойынша министрлігі 2018 жылдың күзінде Алматыны айналып өтетін темір жол станциясын салатын инвесторды анықтау бойынша конкурсты өткізуді жоспарлап отыр, деп мәлімдеді ведомство басшысы Жеңіс Қасымбек. Бұл туралы «Интерфакс-Қазақстан» жазды. 

«Қазіргі уақытта жобаның ТЭН анықтау бойынша жұмыстар аяқталды. Мемлекеттік сараптама жасалып жатыр. Жобаның концепциясын KPPF (Kazakhstan Project Preparation Fund) ЖШС жасайды. Сонымен қатар, конкурстық құжаттар жасалып жатыр. Инвесторды анықтау үшін конкурсты биылғы жылдың қарашасында өткізу жоспарланған», – деді Жеңіс Қасымбек сейсенбі күні үкімет отырысында.

Жобаның жалпы құны 96,6 миллиард теңге деп бағаланған, темір жолдың ұзындығы – 74 шақырым. Жобаны мемлекеттік-жекеменшік серіктестік механизмі бойынша жүзеге асыру жоспарлануда.

Құрылыс екі жылға созылады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.