Анам құлады, сосын мен жыладым – лифтке қысылып қаза болған әйелдің 3 жасар қызы

0 3

Лифтке қысылып, қайтыс болған ақтөбелік журналист әйелдің жолдасы қайғылы оқиғаны өз көзімен көрген 3 жастағы қызының қазіргі жағдайын айтты,  — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA mgorod.kz сайтына сілтеме жасап. 

Марқұмның жолдасы сол қайғылы оқиға болған күн қызының есіне түсетінін айтады. 3 жастағы қыз лифтке жүгіріп кіріп үлгерген. Ал оның артында келе жатқан анасы лифтке кіруге үлгермей, есігі жабылып, бірден жоғары көтеріліп кеткен еді. Марқұмның денесін жолдасы Қайыржан Ерқасымовтың өзі алған.

«Әйелім лифтке кіріп үлгермеген. Тек денесі ғана кірген де, аяғы сыртта қалып қойған. Кеудесі мен ішін қысып қалған. Өлімнің себебі – қысылудан болған асфиксия. Бұл туралы сот сараптамасын алғанда білдім», – дейді марқұмның жолдасы Қайыржан Ерқасымов.

Өткен сенбі Айзат Әбдісаматты жер қойнына тапсырды. Марқұмды соңғы сапарға шығарып салуға жақындары мен таныстары ғана емес, жүздеген таныс емес адам жиылды. Ал марқұмның жолдасы Қайыржан анасының өлімін өз көзімен көрген 3 жастағы қызына алаңдаулы. Қайыржан Ерқасымовтың айтуынша, қыз жасының кішілігіне қарамастан қорқынышты жағдайдың болғанын түсінеді. Бүлдіршінмен психологтар жұмыс істеп үлгерген.

«Бірінші күні қиын болды. Ұйықтай алмадық. Екінші күні…есіне түсіп кете береді. Анамды қысып қалды деп айтады. Анам құлады, сосын мен жыладым дейді. Үш жастағы бала осылай дейді. Бірақ анасын сұрамайды. Меніңше, ол да сезеді. Не дегенмен қорқыныш көзінде қалып қойған. Оқиға әлі көз алдында», – дейді марқұмның жолдасы.

Қайғылы оқиғадан кейін облыс әкімі Бердібек Сапарбаев барлық жеделсатыны тексеруді тапсырды. Ал Ішкі істер департаменті болған оқиғаның себебі мен кінәлілерді іздестіріп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, бірнеше күн бұрын Ақтөбедегі тұрғын үйлердің бірінде әйел лифтке қызылып, қайтыс болған еді. Оқиғаның барлығын 3 жастағы қызы өз көзімен көрген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.