Дубайда Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылуда

0 0

Дубай қаласындағы Дүниежүзілік сауда орталығында 9-11 сәуір аралығында «Annual Investment Meeting» халықаралық конференциясы өтті. «Kazakh Invest» ұлттық компаниясы еліміздің инвестициялық мүмкіндіктерін көрсетіп, іскерлік кездесулерді өткізу мүмкіндігімен қазақстандық павильонды ұсынды. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметінен хабарлайды.

Annual Investment Meeting (AIM) — халықаралық инвестициялық қоғамдастықтың диалог алаңы ретіндегі жыл сайынғы ірі инвестициялық конференция болып табылады. Инвестициялық конференцияның бағдарламасы индустрия 4.0, мемлекеттік-жекешелік әріптестік және инвестицияларды тарту бойынша әлем стратегияларының тақырыптарында бірқатар пленарлық сессияларды қамтиды.

«Қазақстан мен БАӘң қатынастарының тарихы үлкен. Біз осы биылғы іс-шарада қазақстандық делегацияны қарсы алғанымызға қуаныштымыз. АІМ көрмесінің басшылығы Қазақстанның делегациясына кездесуді сәтті өткізу үшін қолдау көрсетуге дайын. Бұл Қазақстанға трансұлттық компанияларды тартуға арналған үлкен платформа. Біз сіздердің осы іс-шарадан барынша жоғары нәтижелерге қол жеткізгендеріңізді қалаймыз», — деді «Annual Investment Meeting» президенті Дауд Аль Шезави.

Қазақстандық делегация құрамында 15-тен аса ірі отандық компаниялардың басшылары, мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың өкілдері бар.

Бұдан басқа, форумның алаңдарында 141 шет мемлекеттердің қатысуымен елдік павильондардың көрмесі өтіп жатыр.

«Біз Дубайдағы Дүниежүзілік сауда орталығында Қазақстан павильонына бардық, өйткені естуіміз бойынша Қазақстанда бизнес пен нарық өте дамыған және біз сіздердің елдеріңізде бизнесіміздің болғанын қалаймыз. Қазіргі уақытта біз бүкіл әлем бойынша бизнес серіктестерді іздеудеміз, әсіресе Таяу Шығыста, Италияда, Қазақстанда, Ресейде. Біз Дубайда дамып келе жатырмыз және бізге жаңа серіктестермен бизнесті ашу керек», — дейді қазақстандық павильонға келген «AT WORLD Holding» компаниясының өкілі Махмуд Шалаш.

«Kazakh Invest» ұйымдастырған Қазақстан павильонының жұмысы Дубайда екінші күн жалғасуда. Одан басқа, бүгін Қазақстанның АІМ сессиясының аясында инвестициялық мүмкіндіктерінің презентациясы, сонымен қатар «Kazakh Invest» басшылығының ең ірі араб компанияладың өкілдерімен бірқатар екіжақты кездесулерді өткізу жоспарланған.  

Leave A Reply

Your email address will not be published.