Сайлаушылар тілегі тыңдалды

0 1

Жамбыл облыстық мәслихатының хатшысы Бағлан Қарашолақов сайлаушылармен кездесу өткізді, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА Jambyl телеарнасының сайтына сілтеме жасап.

Жуалы ауданы Қарасаз ауылдық округінде болған Бағлан Қаршолақов халықтың ауыз су жайлы көтерген проблемсына құлақ асып, оның жуық арада шешімін табатындығына сенім білдірді. Мұнан өзге, мәслихат хатшысы Шақпақ, Ақсай, Көкбастау және Қызыларық ауылдық округінің зиялы қауымы мен жергілікті халқымен кездесті.  Жуалылықтарды мезі еткен кезекті мәселе, қара жолдың азабы екен.

«Жол мәселесін әлі де айтып келеміз. Балалар мектепке қатынайды жаман жолдардың кесірінен бір жағдай болып қала ма деп алаңдаймыз», — дейді ауыл тұрғыны Серік Садыров.

Халық қалаулысы шешімін таппай тұрған бұл мәселені облыс басшысына жеткізетіндігін айтып, қаржы қарастыруға ұйытқы болатындығын жеткізді. Депутаттың аудан жұртшылығымен кездесуі әлі де жалғасын таппақшы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.