Әлгі қызға не істедім сонша? – Қарағанды аруы полиция бөлімшесінде жауап берді

0 0

«Қарағанды аруы – 2015» Рената Нұрғазина өзін полицияға «ұстап» берген оқырманы туралы пікір білдірді, — деп хабарлайды Today.kz

Сұлулар байқауының жүлдегері өз ойын Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

«Естеріңізде болса, 8 наурыз күні мені тоқтатқан жол полициясы қызметкерлерін видеоға түсіріп алып едім ғой. Оқырмандарымның біреуі скринін жасап, ішкі істер министрлігінің сайтына жіберіп тастапты. «Сол сияқты қыздар не үшін ойына келгенін жасап, видео түсіріп, Instagram желісіне салады?» – деп жазыпты», – дейді Рената.

«Қарағанды аруы – 2015» оқиғаның мән-жайын айтты.

«Полиция мені 8 наурызда тоқтатып, сұрақтың астына алды, үнемі солай болады ғой өзі. Әлгі оқырман қыз менің үстімнен министрлікке шағым түсіріпті. Енді қылмыстық іс қозғап жатыр», – деді ол.

Нұрғазина өзінің үстінен шағымданған қызды танымайтынын айтты.

«Әлгі қызға не істедім сонша, кім екенін де танымаймын, енді мәселе де көбейді. Жақында Instagram-нан жоқ болып кететін шығармын. Бүгін полиция бөлімшесінде күні бойы болдым, менімен әлбетте қатаң түрде әңгімелесті. Енді Stories шығармайтын болдым», – деді Рената.

Естеріңізге салайық, Қарағандының ең сұлу қызын жол полициясы қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін тоқтатқан еді. Нұрғазина полицияның барлық әрекетін видеоға түсіріп, балағат сөз жазып, желіге шығарып қойған болатын.

Leave A Reply

Your email address will not be published.