Дариға Назарбаева ғарышқа гитараны қалай беріп жібергенін айтып берді

0 0

ҚР парламент сенатының депутаты Дариға Назарбаева ғарыштағы Талғат Мұсабавқа қалай гитара жібергенін айтып берді, деп хабарлайды Today.kz «Хабар» арнасына сілтеме жасап. 

1998 жылдың 29 қаңтарында ғарышкер Талғат Мұсабаев екінші рет ғарышқа ұшты. Осы сапары кезінде Талғат Мұсабаев Дариға Назарбаеваның идеясымен «Хабар» арнасы арқылы тікелей байланысқа шығады. Тілдесу кезінде ғарышкер танымал әнші Нұрлан Өнербаевпен «Көзімнің қарасын» қосыла шырқайды.

Осы оқиғадан соң Нұрлан Өнербаев әнді сүйемелдеген гитараны ғарышкерге сыйлауға бел буады. Алайда телеарна ғарышкерді күтіп отырғысы келмей, ғарышқа беріп жіберудің жолдарын қарастырады.

«Бұл өте қиын әрі күрделі процесс болды. Рұқсат алу үшін қаншама келіссөздер жүргіздік. Өйткені, ғарыш кемесінде әр бұрыш өлшеулі екенін білесіздер. Бірақ біз тәуекел еттік. Байқоңырдың әкімшілігі келісіп, ақыры гитараны ғарышқа аттандырдық. Талғатқа жібердік», – дейді Дариға Назарбаева.

Туған жерден келген гитара ғарышкерді қатты қуантады. Гитарамен Мұсабаев Абайдың әнін орындап шығады.

Бірақ қайтарда Талғат Мұсабаев гитараны ғарыш кемесіне сыйдыра алмайды. Ақырында жүк тасымалдайтын америкалық әуе кемесімен келіседі.

Гитара 20 жыл Талғат Мұсабаевтың Мәскеудегі пәтерінде тұрады. Кейін ғарышкер оны қайтадан Дариға Назарбаеваға сыйлайды.

Ал Дариға Назарбаева гитараны «Хабар» арнасының мұражайына тапсырады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.