Қазақстандық каскадерлар Disney фильміне түседі

0 4

Disney студиясы тағы бір анимациялық туындыны қайта түсіреді. Disney «Күлбике», «Сұлу мен құбыжық» мультфильмдерін шығарғаннан кейін, «Мулан» көркем картинасын ұсынбақшы. Кинокартинаға қазақстандық каскадерлар қатысады, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA  Жайдарбек Күнғожиновтың Фейсбугтегі парақшасына сілтеме жасап.

Nomad Stunts каскадерлар тобының жетекшісі Жайдарбек Күнғожинов ФБ-дағы парақшасында hollywoodreporter.com жаңалығын жариялады.

Онда танымал Дисней мультфильмінің киноадаптациясы 2018 жылдан 2020 жылға шегерілгені көрсетілген.

«Мулан» (Mulan) — 1998 жылдың 19 маусымында Walt Disney Pictures студиясы жарыққа шығарған толықметражды мультипликациялық фильмі. Бұл студияның шығарған 36-шы толықметражды мультипликациялық фильмі саналады. Фильмде Хуа Мулань — әскерге қатысқан әйел туралы орта ғасырдағы Қытай балладасы бейнеленген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.