Таразда алғаш рет триатлон жарыстары өтті(ФОТОРЕПОРТАЖ)

0 11

Киелі Тараз жерінде   алғаш рет триатлоннан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.

Қазақстанның триатлон федерациясы мен  Ұлттық олимпиада комитеті ұйымдастырып отырған триатлон ойындары: жүзу, веложарыс және жүгіру секілді үш кезеңнен тұрады.

Жарыс  Комратов көшесі мен Зербұлақ көлінде, «Дельфин» су бассейнінде   өтті. Ең жас спортшылар «Дельфин» су бассейнінде жарысты бастап кетті.

16 жас, 16 жастан  23 жас аралығындағылар және 23 жастан жас категориясы бойынша қатысқан чемпионатқа еліміздің Астана, Алматы қалаларының және Ақмола, ОҚО, Қостанай және Жамбыл облыстарынан 70-ке жуық спортшылары болған.

Облысымызда  триатлон спорт түрі 2018 жылы ашылғанына байланысты Тараз қаласынан 4 спортшы қатысады.

Спортшылар алдымен жүзді, сосын велосипедтеріне отырса, одан кейін жүгіруден жарысты. Марафоншылар Зербұлақ көліне жақындап қалды. Алда финиш сызығы да алыс емес.

Жарысқа қатысушылардың бірінің денсаулығы нашарлап дәрігерлерді шақыруға тура келді. Аяғында бәрі жақсы болды.

Бұл жарысқа Қазақстан үлкен үміт артып отыр, Elite категориясы бойынша «супер спринт» тарих беттерінде қалады, себебі алғаш рет Жамбыл жерінде өткен чемпионат еліміздің басқа да  аймақтарында  дамыту және көпшілікке тарату мақсатында ұйымдастырылған.

Айта кететін жайт, триатлон  картасында Павлодар, Қарағанды, Қостанай, Ақтау қалалары пайда болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.