Тараздық сауда объектілеріндегі өрт қауіпсіздігі талқыға түсті

0 3

Облыстағы  сауда объектілері басшылары, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы Жамбыл облыстық филиалы, Тараз қаласы прокуратурасы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысқан «дөңгелек үстел» кезінде талқыланды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.

Жиналыс барысында Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасы бастығы азаматтық қорғау подполковнигі М. Әкімбаев мемлекеттік өрт бақылау жүргізу тәртібі, сауда объектілеріне жүргізілген тексеру нәтижелері, сондай-ақ адамдар жаппай жиналатын объектілерде өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік — құқықтық актілердің негізгі талаптарын түсіндірді.

Әрі қарай, заң тобының бас маманы М. Дүйсенбеков тексерудің ашықтылығын және шынайлығын қамтамасыз ету мақсатында тексеру процессіне қоғамдастықтар өкілдері, прокуратура және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері жұмылдырылып отырғандығы туралы атап өтті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.