Бұл туралы ӨКҚ өткен брифингте аудан әкімі Рахматілдә Сегізбайұлы айтты, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА.
Тағы бір жаңалық. Сарыкемер, Бәйтерек, Үлгілі, Бурыл және Ботамойнақ ауылдық округтерінің аумағын 710 гектарға ұлғайту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осыған сәйкес, аталған аумақта 5680 адам жер учаскесін алу мүмкіндігіне ие болады.
Сондай-ақ, ауданның автомобиль жолдарының жөндеуіне 362,4 млн теңге бөліну жоспарлануда. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 14.6%-ға артық.
Қазіргі таңда ауылдардағы ауыз су мәселесі бойынша 4 ауылға бюджеттен 1,4 млрд. теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Осындай бастамамен 6 ауылға су жүйесі құрылысының жобалау сметалық құжаттары әзірленуде. Нәтижесінде 10 ауыл, яғни, 50281 адам таза ауыз сумен қамтамасыз етіледі.