Шу ауданында бөлім басшысы субсидияны өз туыстарына таратып келген

0 0

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс — қимылы агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Департаменті мен  Шу ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінің қызметіне талдау жүргізу кезінде сыбайлас жемқорлық актілері анықталды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA. 

Талдау барысында, Шу ауданы ауыл шаруашылығының бөлім басшысы С.Сейдахметов 2014 — 2016 жылғы аралықта «Бектібай», «Бектібай — 1», «Самат», «Еркін» шаруа қожалықтарына жанар — жағармай шығындарына 159 910 000 теңгені құрайтын субсидия бөліп келгендігі белгілі болды.

Аталған шаруа қожалықтарының басшылары С.Сейдахметовтың жақын туыстары екені анықталып, мемлекеттік қызметшілерге қойылған шектеулерді бұза отырып жиынтық актілерге қол қойып келген. Осыған сәйкес, бөлім басшысы өз қызметін асыра пайдаланды деген айыппен қылмыстық іс қозғалды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.