Жамбыл облысында қырғыз бизнесменін қамап ұстағандар құрықталды

0 0

Жамбыл облыстық ІІД қызметкерлері арнайы операция жүргізіп, Қырғыз Республикасының жеке кәсіпкерін босатып алды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаевқа сілтеме жасап.

Бизнесменді ұрлады деген күдік Алматының үш тұрғынына келіп отыр екен.

«17 сәуірде түнгі уақытта Алматы — Тараз тасжолында фигуранттар жеке көлігімен көлікті тоқтатып, полиция қызметкері ретінде танысып, жолаушыны ұрлап әкеткен», — деп хабарлады Сәдубаев.

Операция жүргізу барысында көрші елдің құтқарылған азаматы зардап шекпепті. Ұсталғандар тергеу изоляторына қамалды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.