Жамбылдық спортшылар жеңіс тұғырынан көрінді

0 4

2018 жылдың 14-15 сәуір аралығында Астана қаласында пара биден Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА.

Аталған чемпионатқа еліміздің 9 облысы мен 2 қаладан барлығы 60 спортшы қатысты.

Жамбыл облысынан «Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубтан» 2 спортшы бақтарын сынады. Жарыстың қорытындысы бойынша Жамбыл облысының спортшылары Аманбеков Талғат пен Ахметова Наргиза DUO STANDART CLASS және DUO LATINA CLASS жұптық биде 1 орын, DUO FREESTYLE CLASS жұптық биде 2 орынды иеленді. Жекелей биде Ахметова Наргиза SINGLE WOMAN CLASS 2 орын және SINGLE WOMAN FREESTYLE CLASS 3 орыннан көрінді.

Айта кетерлігі, Жамбылдық спортшыларды арбадағы спорттық биден жаттықтырған Аубакиров Габит есімді азамат.

Leave A Reply

Your email address will not be published.