Таразда мемлекеттік мекемелерде рәміздер дұрыс орналасқан ба?

0 3

Қаладағы әр мемлекеттік мекемелердің төбесінде ту тұрады. Алайда, осы мемлекеттік рәміздердің орналасу тәртібі дұрыс па, талапқа сай ма? Осыған орай, бүгін №12 мектеп-гимназиясында Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен семинар-кеңес өткізілді, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА.

Іс-шара барысында облыстық ішкі саясат басқармасының бас маманы Жанболат Нұрмолдаұлы «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін пайдалану және қолдану барысы» тақырыбы аясында баяндама жасады.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерін жасау мен қолдануда кеткен қателіктер «Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзу әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 418 бабына сәйкес, айыппұл салу арқылы әкімшілік жауапкершілікке алып келетінін атап өтті.

Семинар соңында қатысушылар өздерін толғандырған барлық сұрақтарына тиісті жауаптарын алды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.