Байзақ ауданында Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ағайынды бауырлар» атты фестиваль ұйымдастырылды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.
2 жылда бір өтетін шараға «Нұр Отан» партиясы жергілікті филиалы мен Кенен Әзірбаев атындағы саз мектебі ұйытқы болған. Іс-шараның ерекшелігі — бір отбасынан шыққан бауырлардың түрлі аспапта композиция орындауында.
«Жақында Италияға бардым. Онда фортепианадан жарысқа қатысып, 2-ші орын алдым. Маған қатты ұнады. Қатысқаныма қатты қуандым. Бүгін де фестивальға сіңліммен қатысып отырмын»,- деді оқушы Динара Жалғашова.
Іс – шараға 30 жұп, 60 бала қатысты.