Қазақстанда ағаш отырғызған азаматтар марапатталатын болады

0 7

Қазақстанда қоршаған ортаны қорғауға ат салысқан азаматтар марапатталады.  Жаңа номинация ең беделді «Алтын жүрек» қайырымдылық аясында сыйлығының аясында пайда болды. Ағаш отырғызып, қоршаған ортаны қорғау шараларын жүргізген азаматтар осы лауреатты иелене алады. Бұл байқауға қатысуға өтінішті қазірден бастап беруге болады. Бұл туралы КТК хабарлады.

Игі іс жасағаны үшін қарапайым азаматтар да, сондай-ақ үлкен кәсіпкерлер де марапатталатын болады. Бұл дәстүрдің қалыптасқанына 12 жыл болған екен. Қазақстандықтар осы уақыт ішінде 160 миллиардтан астам теңге жинаған. Кейбіреулер мүгедектерге, басқалары жетім балаларға, біреулері отандық білім мен медицина саласына қолдау көрсетіп, көмектескен. Мысалға алатын болсақ, қазақстандықтар 3000 баланың өмірін сақтап қалды.

Өткен жылы сыйлық иегері атануға ниет білдіргендердің саны 455 адамға жетіп, рекорд орнатқан. Ұйымдастырушылар бұл жолғы шараға одан да көп қатысушылар келеді деп күтуде. Жобаның мақсаты жыл сайын қайырымды адамдардың санын көбейтіп, көмекке мұқтаж адамдарға қамқор болу.

«Біз өтінімдерді қабылдау мерзімін үш айға дейін ұзарттық. Сайып келгенде өтініш беруге  5 ай беріледі. Бұл жаңа номинация болғандықтан, биылғы жылы 20-ға жуық өтінімді қабылдауды жоспарлап отырмыз»,-дейді «Алтын жүрек» сыйлығының бас үйлестірушісі Эльмира Қыдырмоллаева.

Leave A Reply

Your email address will not be published.