2024 жылғы Олимпиада ойындары өтетін уақыт белгілі болды

0 3

Халықаралық Олимпиада комитеті 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиада ойындарының уақытын бекітті, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұл туралы арнайы баспасөз-мәслихатында «ХОК президенті Томас Бах мәлімдеді», деп жазды ҚР ҰОК-нің баспасөз қызметі.

Франция астанасындағы жазғы Олимпиада ойындары 2024-ші жылы шілденің 26-ы мен тамыздың 11-і аралығында өтеді.

Былтыр қыркүйек айында ХОК тұңғыш рет өз тарихында екі жазғы Олимпиаданың өту орнын бір уақытта жариялаған болатын. Осылайша, 2024 жылы Олимпиада ойындары Парижде, ал 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін болды.

фото:leparisien.fr

Leave A Reply

Your email address will not be published.