Чернобыль оқиғасы ойда тұр

0 10

Жуалы ауданының әкімі Бақтияр Көпбосынов мереке қарсаңында Чернобыль атом электр стансасында орын алған апат салдарын жоюға қатысқан жуалылық жауынгерлерді қабылдады, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.

Украинада осыдан 32 жыл бұрын орын алған апаттың зор ауқымын, сол өңірдің халқына әкелген қасіретін айта келіп, осынау сын сағатта көппен бірге апат орнына аттанып, әскери антқа беріктігін көрсетіп, апат салдарын жоюға үлес қосқан жуалылық әскери қызметкерлерге алғыс айтылды.

«Жалпы Украинада орын алған апатпен күресуге сол кезде әскери борышын өтеп жүрген жауынгерлер мен әскери есепте тұрған азаматтар шақырылған болатын. Біздің ауданнан 40 адам қатысты. Қазір содан 12 адам қалып отыр. Осы жасап отырған құрметтеріңізге ардагерлер атынан алғысымды білдіремін»,- деді «Чернобыль-Семей» қоғамдастығының төрағасы Шынарбек Райысбеков.

Мұндағы мақсат — жастар аталған апат туралы білсе деген оймен аудан орталығынан Чернобыль-Семей ардагерлеріне арнап бір ескерткіш тұрғызылса екен деген ұсыныс жасалды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.