Қазақстан азаматы Ресейде банкомат жүйесін бұзып, миллион рубльді ұрлады

0 10

Ресейде 33 жастағы қазақстандық ноутбуктағы бағдарламаның көмегімен банкоматты бұзып, миллион рубльді қолды қылды, алайда дабыл қаққыш қосылып, ұры қашып кете алмады, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА «Астрахань 24» агенттігіне сілтеме жасап. 

Астраханда Қазақстан тұрғыны түн ортасында Островский көшесіндегі банкоматты бұзған. Оның қылмысты жүзеге асыруына сыбайласы көмектескен.

Өңірлік прокуратураның тұжырымы бойынша, ер адам ноутбукты банкоматқа қосу үшін оның корпусын бұзған. Гаджетте сигнал беретін бағдарлама болыпты, сол арқылы банкоматты бұғаттаған ол ақшаны шығарып алды.

Айта кетейік, банкоматта қалған тағы бір миллион рубльді қазақстандық алып кете алмады, себебі сол кезде дабыл қаққыш қосылып, полицейлер оқиға болған жерге жетті.

Қылмыстық іс қаралым үшін Астрахан қаласының Совет аудандық сотына жіберілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.