Елбасы Медведевті премьер-министр лауазымына тағайындалуымен құттықтады

0 0

Нұрсұлтан Назарбаев Дмитрий Медведевке Ресей Федерациясы үкіметінің төрағасы лауазымына тағайындалуына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА Ақордаға сілтеме жасап.

«Сіздің Ресей Үкіметінің басшылығындағы қызметіңіз еліңіздің экономикалық тұрғыдан одан әрі дамуын және халықтың әлеуметтік әл-ауқатының арта түсуін қамтамасыз етеді деп сенемін. Елдеріміз арасындағы тату көршілік, өзара құрмет пен тең құқылы ынтымақтастық қағидаттарына негізделген стратегиялық қарым-қатынастар алдағы уақытта да халықтарымыздың игілігі жолында нығайып, әрі қарай дами беретініне сенімдімін», – делінген жеделхатта.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Д. Медведевке денсаулық, амандық және жауапты мемлекеттік лауазымда жаңа жетістіктер, ал достас Ресей халқына бейбітшілік пен бақ-береке тіледі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.