Педиатрлар ауа-райындағы өзгерістер ең әуелі балалардың денсаулығына қауіп төндіретінін айтады. Pediatrics журналында жарық көрген зерттеу мақалада балалар ауруының 88 пайызы климаттың өзгеруіне байланысты делінген, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA Baq.kz — ке сілтеме жасап.
Жаңа құжатта балалар денсаулығы мен климаттың байланысы зерттеліп, болашақта ғана емес, қазірден бастап сақ болу қажеттігіміз жазылған.
«Біз климаттың әсері мен нәтижесін көріп үлгердік», -дейді Канададағы Шығыс денсаулық сақтау университетінің балалар бөлімінің жетекшісі, педиатр және мақала авторларының бірі Кевин Чен.
Оның айтуынша, «Катрина», «Харви» және «Ирма» дауылдары ауа-райында соңғы кездескен өзгерістерге мысал бола алады. Дәрігерлер қатты жел инфекцияның патогенді түрі – «Зика» вирусын тудырғанын айтады.
«Аяғы ауыр әйел Зика инфекциясын жұқтырып алса, бала туылған сәтте денсаулығында ақау шығады. Ол микроцефалий деп аталады», — дейді Чен.
Яғни, баланың басы стандартты өлшемнен кішкентай, ал миы дұрыс дамымай туылуы әбден мүмкін. Ченның айтуынша, қазіргі кезде ауа арқылы кең таралып кеткен Зика инфекциясынан пайда болған бұл ауру еш емделмейді. Микроцефалий қалпына келмейді, яғни баланың басын туылған соң өзгертіп, стандартты өлшемге сай ету мүмкін емес.
Зика ауруының таралып отырғаны туралы ескерту 2015 жылы пайда болды. Ол 2016 жылдың соңына дейін әлемнің әр түкпірінде жиі кездесті. Инфекцияны таратушы – масалар. Кейбір зерттеулер бойынша, климаттың өзгеруі мен бірқалыпты болмауы Зика инфекциясын таратуға сеп болды.
«Бұл мақаланы жазудағы мақсат – климаттың өзгеруін түсіндіру және аталған инфекция жағдайы төмен, дамымаған аймақтарда жиі кездесетінін айтып ескерту», — дейді Чен.
Мақала авторларының бірі Ребекка Пасс Филипсборн диарея, малярия, тағам тапшылығы сияқты дерттер мен факторлардан 5 жасқа дейінгі балалар өлімі артуда. Ол жер бетіндегі барлық бөбектер өлімінің сәйкесінше 38%, 65% және 48%-ын құрайды.
Бұл фактілер 2016 жылы The Lancet журналында жарияланды. Бұл жерде де басты себеп «климаттың өзгеруі» деп көрсетілген.
Мысалы, ауа-райындағы кейбір өзгерістер аталған инфекциялардың таралуына жағдай жасайды. Олар көбінесе маса және өзге де тістейтін, қан соратын жәндіктер арқылы таралады.
Балаларда дене қысымының көтерілуі көбінесе су арқылы тарайтын бактериалды инфекциялардан туындайды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжамынша, алдағы уақытта климаттың өзгеруі салдарынан 2030 жылға дейін 15 жасқа дейінгі балалар өлімінің 48 мыңы осындай климат өзгерістеріне байланысты болады.