Семейде 47 майдангер тұрады, солардың бірі — 96 жастағы Бейсембай Қойшыбеков

0 7

Бүгінгі күні Семейде Екінші дүниежүзілік соғысының 47 ардагері тұрады. Солардың бірі 96 жасқа аяқ басқан Бейсембай Қойшыбеков, — деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бейсембай ата 1923 жылы 11 қарашада Жарма ауданы, Малайқарасу ауылында дүниеге келген. Небәрі 2 жасында ата-анасынан айырылып, жастайынан жетім қалған бала кейін балалар үйінде тәрбиеленеді. 2 сыныпты бітірген  соң  ұзақ жылдар мал бағумен айналысады. Ал 1942 жылы соғыс басталған уақытта мал бағып жүрген жерінен майдан алаңына аттанған.

«Ленинград, Сталинград,  Беларусь фронты мен Украина фронтында болдым. 1945 жылы жеңісті Германияда қарсы алдық. Соғыста екі рет жараландым.  Соғыс аяқталған соң бірден елге оралмадым. Алдымен үлкендерді елге қайтарды, жастарды 2 жылға алып қалды. Мен  сол уақытта Мәскеуде 1947 жылға дейін әскери борышымды өтедім»,- деп әңгімесін жалғастырды ақсақал.

Соғыс аяқталып, әскери борышын өтеп, елге оралған соң Бейсембай ақсақал біраз уақыт Терістаңбалы, Владимировка, Бесбай ауылдарында мал бағумен айналысады.  Сол кезде азамат 2 сыныптық білімі ғана болса да 7 сыныптың аттестатын алады. 1948 жылдан бастап пошта басшысы болып жұмыс істейді. Ал 1960 — 1983 жылдар аралығында Рабкоптың басшысы қызметін атқарады. 22 жыл осы қызметте абыройлы жұмыс істеп 1983 жылы зейтнетке шығады.

«Ол кезде заман қиын еді. Жетімдікті, ашаршылықты, жоқшылықты да көрдім.  Соғыстың біткеніне де қанша жыл өтті, жасым да келді көп нәрсе есімде жоқ. Бастысы бүгінгі күні бейбіт заманда өмір сүріп жатырмыз»,- деп сөзін аяқтады ақсақал. 

Leave A Reply

Your email address will not be published.