9 мамырда Осло қаласында Норвегия Корольдігіндегі Қазақстан Республикасының елшісі Қайрат Әбусейітов Жеңіс күніне орай ««Вестре гравлюнд» зиратында кеңес сарбаздарының ескерткіштеріне гүл қою рәсіміне қатысты, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Салтанатты рәсімді Норвегия Корольдігі гвардиясы құрметті күзетінің кернейшісі ашты.
Норвегия астанасындағы зиратта Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары Норвегияны азат ету кезінде қаза тапқан 347 кеңес сарбазына ескерткіш қойылған. Ескерткіштерде «Норвегия сіздерге алғыс айтады» деген жазу жазылған.