Жақында Кеңес әскерлерінің ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толуы қарсаңында жуалылық ардагерлер соғыста қаза болған қаруластарын еске алып, турнир өткізді, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.
Ауған соғысы құрбандарын еске алуға арналған жасөспірімдер арасында кикбоксингтен өткізілген республикалық турнир аудан орталығындағы Спорт кешенінде өтті. Спорттық еліміздің бірқатар облыстарынан жас кикбоксингшілер ат терлетіп жетті.
Біздің ауданда қазіргі таңда Ауған соғысының 67 ардагері тұрады. Ауған соғысына аттанған жауынгерлердің арасынан үш бірдей азамат соғыста ерлікпен қаза тапқандардың есімі берілген Нұрлыкент және Шақпақата ауылдарында бір-бір көше бар.
Ауған соғысының қаһарманына айналып, сондағы жергілікті халықтың ыстық ықыласына бөленген жерлесіміз, генерал-лейтенант, Халық қаһарманы Бақытжан Ертаевтың тәуелсіз Қазақстанның қорғаныс саласы мен қарулы күштерінің дамуына қосқан үлесі өлшеусіз. Бақытжан Ертайұлы бүгінде ел Парламенті Мәжілісінің депутаты болып еңбек етіп келеді.
Қорытындысында кикбоксингтен кәсіпқой салмақта өткен үш кездесудің екеуінде жуалылық спортшылардың мерейі үстем болды. Сонымен бірге, аралас жекпе-жек бойынша тиісінше төрт белбеудің үшеуі жергілікті спортшыларға бұйырды. Жасөспірімдер арасында барлығы 20 салмақ бойынша өткен республикалық турнирде жуалылық спортшылар жеңіс тұғырынан көрінсе, Қызылорда облысы және Тараз қаласынан келген балғын спортшылар жақсы нәтиже көрсетіп, ІІ орынды иеленді.