Жамбыл облысында суда құтқару жұмыстары басталды

0 2

Жамбыл облысының ТЖД қызметкерлері жаз маусымындағы суда құтқару жұмыстарын бастады, — деп хабарлайды  «Zhambylnews» AA.

АЙта кетер болсақ, ағымдағы жылдың 25-мамырында Тараз қаласының «Зербұлақ» бекетінің құтқарушылары 1999 және 2000 жылы туылған жастарды құтқарды. Шомылу кезінде алысқа көлдің ортасына жүзіп кетіп, бата бастаған. Сол уақытта көлдің жағасында Рустем Жарамбаев және Алмаз Абиев кезекшілік атқарып тұрып, суда қолдарын жоғары көтеріп, тұншығып жатқан адамдарды көреді. Құтқарушылар жылдам әрекет етіп, қайыққа отырып, жылдам оқиға орын алған жерге жетіп оларды судан шығарып алды.

Бір сағаттан кейін, құтқарушылардың барлауына 2002 жылы туылған атты мектеп оқуышысы түсті, ол басында көлдің жағасына жақын жерде шомылып жүрген болатын ал бірер минуттан кейін қауіпсіз аймақтан 4-5 метрге дейін жүзіп кеткен. Бақылап тұрған Марат Нуржанов, Алмаз Абиев. құтқарушылар жасөспірімді кідірмей құтқаруға ұмтылды. Құтқарушылық бекетінің құтқарушыларының қырағылықтарының арқасында, барлық құтқарылғандар зардап шеккен жоқ. «Зербұлақ» бекетінің құтқарушылары балалармен профилактикалық әңгіме жүргізді және оларды үйлеріне қайтарды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.