Ағымдағы жылдың 2-3 маусым аралығында Тараз қаласы «№6 облыстық мамандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің» спорт алаңшасында асық атудан жасөспірімдер және ересектер арасында облыстық чемпионаты өтеді, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.
Жарысқа Жамбыл облысының аудандары мен Тараз қаласынан жалпы саны 70-ке жуық адамның қатысуы жоспарлануда.
Жарысты Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы мен «Асық ату» ұлттық ойындары бойынша Жамбыл облыстық федерациясы жүргізеді.
Шараның басты мақсаты — жасөспірімдер арасында ұлттық спортты насихаттау, азаматтарды отансүйгіштікке және патриоттық сезімге тәрбиелеу болып табылады.
Жарыстың ашылу салтанаты 2018 жылдың 2 маусым күні сағат 10.00-де.