Таразда тоғызқұмалақтан облыстық чемпионат өтеді

0 3

Ағымдағы жылдың 29-31 мамыр аралығында Тараз қаласы «Тараз» орталық стадионында астана қаласының 20 жылдығына орай тоғызқұмалақтан тірек-қимыл аппараты зақымданған және көру қабілеті төмен спортшылар арасындағы жекелей Жамбыл облысы чемпионаты өтеді, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.

Жарысты Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы жүргізеді. Сондай-ақ, аталған сайысқа Жамбыл облысының аудандары мен Тараз қаласынан жалпы саны 60-қа жуық адамның қатысуы жоспарлануда.

Шараның басты мақсаты — дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спортты насихаттау, жастарды отансүйгіштікке, патриоттық сезімге тәрбиелеу болып табылады.

Жарыстың салтанатты ашылуы 2018 жылдың 29 мамыр күні сағат 10.00-де.

Leave A Reply

Your email address will not be published.