Таразда қалалық қоғамдық көлік жол апатына ұшырады, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.
Оқиға орнындағы фотосуреттер әлеуметтік желіде тарап кетті. Онда Төле би даңғылы мен Мечников көшесінің қиылысында, «Орталық мешіт» аялдамасының маңында аударылған автобустың жатқанын көруге болады. Бұл №46 бағдардың автобус болып шықты.
Осы күні қоғамдық көлікке демалыс болғандықтан автобуста ешкім болмаған. Ал көлік тізгінін 24 жастағы жүргізуші игере алмай қалған.
Жамбыл облыстық ТЖД бөлім бастығы Дәулет Ахметбековтің айтуынша, жол апатынан ешкім зардап шекпеген.
«Жедел жәрдем шақырылды, бірақ ешкім зардап шекпегендіктен, олар қайтып кетті», – деді ол.