Сарысуда тұз өндірісі дамып келеді

0 2

Сарысу ауданында ас тұзы өндірісі дамып келеді. Өңірде жүзеге асқан    ең ірі инвестициялық жобаның бірі «Асыл тұз» серіктестігі. Табиғи ас тұзын өндіретін зауытта қазір 59 адам жұмыс істеп жатыр. Жобаны жалпы құны 700 млн. АҚШ долларынан асады. Бұл туралы «Zhambylnews» AA хабарлайды Jambyl арнасына сілтеме жасап.

Сарысу жеріндегі тұздың мол қорын тиімді пайдалану жөнінде бұрыннан айтылып жүрген.  Себебі, мұнда қазірдің өзінде төрт ірі тұз кендері бар. Бұрын игерілмей жатқан осы кеніштерді тиімді пайдалану мақсатында ауданға «Асыл тұз» серіктестігі келіп, қазір ас тұзын өндіру мақсатында жұмыс істеп жатыр. Күніне 70 тоннадан астам тұз шығарады.

«Асыл тұз» зауытында барлығы да автоматтандырылған. Жұмыс жеңіл болу үшін Украина мен Ресейден әкелінген құрылғылар қойылды. Өндіріс орынының тұз сақтайтын өз қоймасы да бар. Бүгінде тұзды Жамбыл облысынан бөлек, Қарағанды, көрші Қырғыз республикасына экспорттап жатыр. Зауытқа жақын арада аудандық әкімдік тарапынан темір жол тұйығын салуға, электр жарығымен қамтуға көмек көрсетіледі.

Серік Нүркенов Сарысу аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің бас маманы:

— Инфрақұрылым жобасы бойынша 16 млн теңге республикалық бюджеттен бөлінген. Қазіргі таңда осы зауыттың жеке электр станциясын қосуға жеңімпаз анықталып, осы мамыр айының соңында инвесторлар келу керек.

Қазіргі кезде 200 шақырым қашықтағы Жайлаукөл немесе Шығанақ жеріндегі кен орындарынан тұз тасып жатқан серіктестік, алдағы уақытта жақын жерлердегі тұз кендерін барлау, игеру жұмыстарын бастамақшы. Шикізат көбейсе, зауыттың да өндіріс қуаты артады дейді жауаптылар.

Leave A Reply

Your email address will not be published.