Таразда мектеп-интернаттың экс-басшысының басы дауға қалды

0 2

Мұндағы қызметкерлерге жалақы, сыйақы, жәрдемақы есебінде берілетін ақшалар артығымен төленген. Ұжымға алты жыл ішінде керек-жарағына жалпы сомасы 95 млн. теңге жұмсалуы тиіс болса, мекеме 215 млн. теңге жаратқан. Бұл туралы «Zhambylnews» AA хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап.

Яғни бақандай 125 млн.теңге артық үлестірілген. Заң бұзушылықты осындағы бір жұмысшының еңбек ақысының аздығы жөнінде түсірген шағымынан кейін тексеріс жүргізген аудиторлар анықтады. Енді бұған қатысы барлар қылмыстық жауапкершілікке тартылуы тиіс. Мекеменің қазіргі басшысына төнген қауіп жоқ. Өйткені бұл былық осы ұжымды басқарған бұрынғы екі басшының кезінде болған. Алдыңғысы зейнетке шығып кетсе, соңғысы жыл басында басқа  қызметке ауысқан. Сондай-ақ бас есепшінің де бірдей қатысы болуы мүмкін деген күдік бар. Әсіресе, жеті жылдан бері осында жұмыс істейтін есепшінің жағдайы қиын. Себебі жаратылған соманы қайтару соның мойнына артылуы ықтимал.

Мұрат Мұхаметрахымов, Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары:  

— Процесуалдық шешім қабылдау үшін анықталған заң бұзушылықтар прокуратураға жолданды. Бұл іске кімдердің қатысы барын құқық қорғау органы анықтауы тиіс. Ал мұндай жағдайдың жол берілуіне басшылық тарапынан бақылаудың болмағаны себеп деп есептейміз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.