Бүгін «Қазақстан» РТРК» АҚ Жамбыл облыстық филиалы «Jambyl» телеарнасының бас редакторы қызметіне Нұржан Мергенбай тағайындалды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.
Нұржан Мергенбай 1987 жылы 23 наурызда Жамбыл облысы Байзақ ауданында дүниеге келген. М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің түлегі, мамандығы – журналист.
Телевизия саласындағы жолын 19 жасында «Jambyl» телеарнасында редактор болып бастаған. 20 жасында ««Қазақстан» РТРК» АҚ Жамбыл облысы бойынша меншікті тілшісі қызметіне кірісті.
2013 жылы Ұлттық арнаның Оңтүстік Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі қызметіне ауысты, одан кейін «Қазақстан-Көкшетау» телеарнасының бас редакторы болып жұмыс істеді.
2015 жылдың ақпан айынан бері ««Хабар» Агенттігі» АҚ Жамбыл облысындағы тілшілер қосынында еңбек етіп келді.
Үйленген, бір ұл, бір қыздың әкесі.