Жамбыл облысында бір ай бұрын жоғалып кеткен 16 жасар қыз табылды

0 4

Жамбыл облысында 24 сәуір күні жоғалып кеткен 9-сынып оқушысы аман табылды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Ақбұлым ауылында тұратын 9-сынып оқушысы Ақлима Қабанбай 24 сәуір күні таңертең ерте, бәрі тегіс ұйықтап жатқан уақытта үйден қашып кеткен. Қайда кеткенін ешкім білмеген. Оның ата-анасының айтуынша, қыз бала туабітті неврологиялық дертпен ауыратын болған.

Осыдан соң оқушы қыздың жоғалып кеткенін айтып, ата-анасы тәртіп сақшыларына шағым түсірген.

Криминалдық полиция басқармасынан мәлім еткендей, Ақлима Қабанбай Тараз қаласынан құрбыларының үйінде жасырынып жүрген жерінен табылған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.