Жамбыл облысында арбаға таңылған ер адам 3 баласын жалғыз өзі асырап отыр

0 10

Жамбыл облысында арбаға таңылған ер адам 3 баласын жалғыз өзі тәрбиелеп отыр. Оны жұбайы балаларымен бірге тастап кеткен екен. Алайда жалғызбасты әкені балаларын ел қатарлы жеткізе алмай отырғаны қынжылтады. Бұл туралы «Zhambylnews» AA хабарлайды 31 арнаға сілтеме жасап.

Бұрын имам болған Сағынай Асилов осыдан үш жыл бұрын жол апатына ұшыраған. Салдарынан оның жұлынына зақым келіп, мүгедек болып қалған. Бүгінде үш баласын жалғыз тәрбиелеп отырған ер адам масыл болудың машақатынан мезі болғанын айтады. Ал әйелі былтыр оған 3 баласын қалдырып, тастап кеткен.

«Мен осы отырғанымнан, ауырғанымнан қиналамын. Бала-шағамның жанында болып, сяққа тұрып, осыларды жеткізгім келеді. Соған жеткізе алмаймын қорқамын», – дейді Мыңқазан ауылының тұрғыны Сағынай Асилов.

Ер адам үш баласын жалғыз жәрдемақымен асырап отыр. Арбаға таңылса да, балаларымен ойын ойнап, көңілдерін көтеруге тырысады.

Ер адам ем алып, аяққа нық тұрып, отбасын асырағысы келеді. Дәрігерлер де Астанаға барып ем алса, аяққа тұра алатынын айтыпты. Алайда ем алуға мүмкіндігі жоқ. Себебі жалғыз жәрдемақы отбасының ас-суынан аспайды.

«Балаларым үй жайлы болса екен. Үйін бітіріп, отбасымен бірге тұрса екен деп тілеймін», – дейді Сағынайдың анасы Базаркүл Асилова.

Leave A Reply

Your email address will not be published.