Таразда Халықаралық балаларды қорғау күні тойлануда

0 10

1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Достық» алаңында облыстық шеру өтті, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.


Шеруге Тараз қаласы мен аудан оқушылары, қосымша білім беру және орта білім беру мекемелерінің педагогтері, колледждер, жоғары оқу орындарының білімгерлері, мектептен тыс жұмыстар балалар шығармашылық орталығының оқушыларынан құрылған жалпы барлығы 3000 адам қатысты.


Әр білім беру ұйымы өз жалауы, елтаңбасы бар штандарты, киім формасы мен вальстер, марштар, полькалар және  классикалық жанрда шағын шығармаларын паш етті.


 Аталған іс – шара Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына, 1 маусым Халықаралық балалар күніне арнайы ұйымдастырылған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.