Жамбылдықтардың 97 пайызы мемлекеттік тілді меңгерген

0 8

Бұл нәтиже 2017 жылдың соңында жүргізілген әлеуметтік зерттеуден кейін белгілі болғандығын ӨКҚ алаңындағы брифингте Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Сұлушаш Құрманбекова мәлімдеді, — деп «Zhambylnews» AA.

Елімізде тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында оқыту орталықтары арқылы 371 тыңдаушы қазақ тілін тегін үйренген. Оның 325-і өзге ұлт өкілдері.

Сонымен қатар, мемлекеттік тілді көпшіліктің қолдануына қол жеткізу және оның пайдалану аясын кеңейту мақсатында «Тілі бірдің – тілегі бір», «Тіл сақшысы», «Атаулар сыр шертеді» телебағдарламалары ұйымдастырылған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.