Мойынқұм ауданында мал шаруашылығы дамып келеді

0 10

Бұл туралы ӨКҚ аудан әкімі Бақытжан Балтабекұлы Нүркенов мәлімдеді, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.

Биылғы жылдың 1 қаңтарына МІҚ малы 2,6 мыңға көбейіп 31,4 мыңды, қой-ешкі 66 мыңға көбейіп 144,2 мыңды, жылқы 38 — ге көбейіп 7,3 мыңды, түйе 108- ге көбейіп 1097 басты және үй құстары саны 24,3 мыңды құрап отыр.

Сонымен қатар, есепті кезеңде 39069 центнер ет, 81818 центнер сүт, 1384,0 мың дана жұмыртқа өндірілген.

2017 жылы «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 2 шаруа қожалығы 26,5 млн. теңгеге 140 бас сиыр, 7 бас бұқалар сатып алса, «Құлан» бағдарламасы бойынша 1 шаруа қожалығы 16,0 млн. теңгеге 59 бас жылқы малын сатып алған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.