Тараз қаласындағы «Қорғаныс министрлігінің Әскери техникалық мектебінде» білім алып, әскери резерв қатарына қосылатын 25 курсант Әскери ант қабылдады, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA облыстық қорғаныс істері жөніндегі Департаментке сілтеме жасап.
«Оқытушы-офицерлерге алғыс айтамын, оқытушылар құрамы тамаша, олардың кәсібилігі арқасында атыс, саптық, тактикалық және дене шынықтыру дайындықтары бойынша жақсы білімдер алдым, көп нәрсені үйрендім, — деді әскери-техникалық мектеп тәрбиленушісі Талғат Бахтияр.
Атап кетерлік жайт, өңірде әскери дайындықтан өткен запастағы әскери техниктерін даярлау Тараз әскери-технкиалық училищесінің базасында жүргізіледі, оқу мерзімі – 40 күн, оқыту құны – 263 318 теңге.
Әскери – техникалық мектеп бітірушілерге арнайы сертификат беріледі және ол сертификатты халыққа қызмет көрсету орталықтарына өткізіп 10 күн аралығында әскери билет алады.
Бұл бағдарламаны жасы 24 толған және 27 аспаған, денсаулығы жақсы ер азаматтар пайдалануға болады.