Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Е.Манжуовтың ағымдағы жылдың 28 наурыз күнгі тапсырмасына сәйкес Таразда бірқатар көше атауларын өзгерту ұсынылған болатын. Осы орайда, бүгін Тараз қаласы әкімдігінің мәжіліс залында көше атауын беру бойынша көпшілік тыңдалуы ұйымдастырылды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.
Жиын барысында «Бәйтерек» шағын ауданы мен «Арай» алқабының арасындағы атауы жоқ көшені мемлекет және қоғам қайраткері, Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, ҚР алғашқы Қорғаныс министрі, Армия генералы Сағадат Нұрмағанбетов есімімен атау және «Қарасай» алқабындағы Кенесары көшесі мен бұрылысын «Арман» деп қайта беру туралы шешім бірауыздан қабылданды.