Кеше өңірде бірнеше жерде өрт шығып, соның бірі қайғылы оқиғамен аяқталды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«14 маусымда Қордай ауданы Отар ауылында жеке үйдің шатырынан өрт шыққан. Өрт бір сағаттың ішінде ауыздықталды. Жедел жәрдем келгенге дейін 43 жастағы ер адам қаза тапқан. Бастапқы болжам бойынша жалын отты абайсыз қолданудан шыққан», — деп хабарлады ТЖД-да.
Оқиға орнына құтқару қызметінің алты қызметкері келген, үш техника тартылды.
Бұдан бөлек, Жуалы, Байзақ аудандарында және Тараз қаласында шөп қора мен автокөлік жанып кеткен.