Таразда «Нұрлы жер» бағдарламасының аясында 4835 тұрғынға жер телімі берілуі мүмкін

0 3

Тараз қаласы әкімінің орынбасары Ж.Өмірзақовтың айтуынша, жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін жер учаскесінің алуға арнайы кезекте 2005 жылдан бастап 2018 жылдың бүгінгі күніне дейін  68 614  азамат тіркелген. 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 23 ақпандағы «Жамбыл облысы Тараз қаласының және Байзақ, Жамбыл аудандарының әкімшілік шекараларын өзгерту туралы» № 113 қаулысымен Тараз қаласының аумағына Байзақ, Жамбыл аудандары есебінен 5954,0 га жер телімі енген.

Өткен жылы Сүлейменов көшесінің соңындағы жаңа тұрғын алқаптан 364 жер телімі кезекте тұрған азаматтарға берілген болатын.

Сонымен қатар, 2018 жылдың ақпан айынан бастап 2005-2006 жылы жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін өтініш білдірген азаматтардың тізіміне талдау жүргізу  және «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасына түсіндіру жұмысын жүргізу мақсатында облыстық «Ақжол» газетіне, «31» және «Астана» телеарналарына хабарландырулар беріліп жатыр.

Талдау нәтижесіне сәйкес, 2005-2006 жылдары кезекте тұрған азаматтардың ішінен бүгінгі күнге дейін 2432 өтініш иесі келген, оның ішінен 88 азамат бұрын мемлекет тарапынан жеке тұрғын үй құрылысын жүргізуге  жер учаскелерін алып қоюларына байланысты арнайы кезектен қысқартылды. Жұмыстар ары қарай жүргізілуде.

2005-2006 жылдары кезекте тұрған азаматтардың ішінен «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасына қатысуға  565 азамат өтініш білдірген. Осы тізім бойынша Бөлім тарапынан азаматтардың құжаттары жинақталып «Жилстройсбербанк» АҚ-на төлем қабілеттілігін анықтау үшін 2018 жылдың 5 наурызында № 472 хатымен жолданған.

Қазіргі уақытта, «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша соғылатын тұрғын үйлердің жобалары мемлекеттік сараптамадан тексерілуде.

Сонымен қатар, Тараз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімімен  Тараз қаласы, Ж.Сабалақов көшесінің бойында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 205 тұрғын үйлердің құрылысы басталған. Аталған жұмыстар осы жылдың жаз айында аяқталуы жоспарланған. Тұрғын үйлердің құрылысы аяқталғаннан кейін, «Жилстройсбербанк» АҚ-мен төлем қабілеттілігі анықталған азаматтар құрылысы біткен тұрғын үйді иелігіне алады.

«Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы мақалалар облыстық «Ақ жол» және қалалық «Жамбыл-Тараз»  газеттерінің беттерінде жарық көрген.

Алдағы уақытта, Асқаров көшесінің соңындағы 312 гектарда, «Хамукат» алқабының 125 гектарында, «Қарасай» алқабының 126,6 гектарында және «Құмшағал-Шалғай Қарасу» алқабының 369 гектарында жалпы 3752 жер телімдерін кезекте тұрған азаматтарға беру жоспарлануда. Осы мақсатта, инженерлік коммуникациялық инфрақұрылым желілерін жүргізуге жобалық сметалық құжаттамалары дайындалуда.

Ағымдағы жылы аталған  жобалық сметалық құжаттамалары жоғары тұрған бюджетке қаржыландыруға ұсынылады.

Сонымен қатар, Бас жоспарға сәйкес бүгінгі күнге егжей-тегжей жобалары жасалынып мемлекеттік сараптамада құжаттары тексеруде жатқан екі тұрғын алқабы бар. («Автобекет» алқабы жер көлемі 539,0 га және «Казарма» алқабы 854,0 га).

№ р/с Тұрғын алқаптар Көлемі, га Тұрғын үй құрылысына арналған учаскелер саны
1 «Автобекет» 539,0 320
2 «Казарма» 315,0 1000
  Барлығы: 854,0 1320

Жоғарыда көрсетілген жер телімдерін мемлекет қажеттілігі үшін қайтарылып  және инфрақұрылым жүйелері жүргізгенге қаражат бөлінген жағдайда 4835 кезекте тұрған азматтарға жер телімі бөлінеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.