Таразда тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде

0 18

Таразда күрделі жөндеу жұмыстарын қажет ететін 300-ден аса тұрғын үй бар. Бұл туралы «Zhambylnews» AA 24.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Биыл тозығы жеткен баспаналарды кезең-кезеңмен қайта қалпына келтіру жұмыстары басталды. Қалалық бюджеттен бөлінген 150 млн теңгеге 6 көппәтерлі тұрғын үй жөнделіп жатыр. Қайтарым қаражат есебінен 324 млн-ға келісімшарт жасалып, 11 үй ағымдағы және күрделі жөндеуден өтті. «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту 2011-2020» бағдарламасы бойынша тұрғын үй қорларын қайта жаңғырту керектігі айтылған. Осыған орай қаладағы қабырғасы сөгіліп, шатырлары тесілген тұрғын үйлердің реңі кіріп, бояуы қанығып келеді.

Нұрланбай Серікбаев, қалалық тұрғын-үй инспециясы бөлімінің бас маманы:

– Қалада 1235 үй болса, оның ішінде 600 үй ескірген. Үйлердің шатыры, инженерлік жүйелері, кіреберіс, ауласы жөнделуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.