Таразда денесі табылған әйелдің кім екені анықталды

0 2

Жамбыл облыстық Ішкі істер департаменті Таразда су арнасынан денесі табылған әйелдің жеке басына қатысты мәліметтермен бөлісті, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA Жамбыл облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айта кетейік, Тараздағы «Базарбай» су арнасынан жергілікті тұрғындар әйел адамның денесін тауып алды. Үстіндегі киімімен жатқан әйелдің денесін судан Жамбыл облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің «Жедел-сақтандыру отряды» ММ-нің өкілдері алып шықты.

«25 маусым күні Тараз қалалық Ішкі істер департаментінің 1 полиция бөлімінің кезекшісіне Төле би көшесінің бойындағы су арнасынан әйел адамның мәйіті табылғандығы туралы хабар түсті»,-деп мәлімдеді Жамбыл облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиға орнына шыққан жедел тергеу тобының өкілдері әйел адам табылған орынды тексерді. Ол жерден әйелге көрсетілуі мүмкін зорлық-зомбылық әрекеттерінің белгілері табылмады. Әйелдің аты-жөні анықталды».

Тексеру жұмыстары барысында белгілі болғанындай, 56 жастағы әйел екі баласын жалғыз өзі тәрбиелеп келген. Ішімдікке салынған және қаңғыбас болып жүрген, деп нақтылады ведомство өкілдері.

Аталған факт бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.