Жастар нашақорлықсыз болашақты қолдайды

0 20

Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай «Нашақорлықсыз болашақ» атты жастар акциясы өтті, — деп хабарлайды “Zhambylnews”AA.

Іс – шараны ұйымдастыруға Облыстық ІІД есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы, Жамбыл облыстық наркология диспансері, «Жамбыл облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері орталығы» ЖШС және «Жастар ресурстық орталығы» атсалысты.

Акция аясында кинолог мамандар мен «Арлан» арнайы жасағымен контрабандалық қылмысты құрықтау жайлы арнайы қойылым қойылып, нашақорлықпен, есірткі бизнесімен күрес жолдары жастарға түсіндірілді.

«Біздің жас, өркендеп келе жатқан мемлекетіміз үшін нашақорлыққа қарсы тиімді күрес еліміздің келешектегі өркениетті, тұрақты және оң жолмен дамуына әсерін тигізетін аса маңызды фактор болып табылады. Сол себепті қоғам дертімен бәріміз жұмыла күресуіміз қажет. Бұл тұрғыда орталықтың атқарып жатқан жұмыстары да орасан зор», – деді орталық директоры.

Шара барысында жастар арасында сауалнамалар жүргізіліп, тақырыпқа сай викториналық сұрақтар ұйымдастырылды. Дұрыс жауап бергендер арнайы сыйлықтармен марапатталды. Жастар арасында жүргізілген ашық әңгіме барысында нашақорлықтың алдын алу жолдары да жіті түсіндірілді. Шара соңы концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.