Мерейлі мерекеге тарту

0 0

Биыл елордамыз Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай «20 жылдыққа – 20 нысан» акциясы аясында Шу ауданының орталығы Төле би ауылында екі бірдей балабақша ашылды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.

Бас қаланың мерейтойына орай ашылған «Нұр-Аш» балабақшасы 75 бүлдіршінге шақталған. Жобалық құны 41,5 миллион теңгені құрайтын балабақшада білім беру екі тілде қатар жүреді. Сондай-ақ, Роза Абильбекова басқаратын нысанның электр жүйесі орталықтандырылған және жеке қазандығы бар. Мұндағы балаларға арналған музыка бөлмесі мен спорт залы, медициналық бөлме мен басқа да тұрмыстық-қызметтік бөлмелер заманауи үлгіде жабдықталыпты.

Сонымен қатар, Астана қаласының 20 жылдығына орай, тағы да бір балабақшаның ашылу салтанаты болып өтті. Балабақшаның салтанатты ашылу рәсіміне арнайы қатысқан аудан әкімі Қайрат Досаев балабақша ұжымына сәттілік тілеп, сый-сияпат көрсетті.

«Бүгінгі күнге дейін ауданымызда «Балапан» бағдарламасын іске асыру мақсатында 30 балабақша мен 19 шағын орталықтар жұмыс істеп келеді. Онда жалпы саны 4035 бүлдіршін тәрбиеленуде. Дегенмен, қазіргі кезде аудандағы 3 пен 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз ету деңгейі 87,6 пайызды құрап отыр. Жыл аяғына дейін 3-6 жас аралығындағы бүлдіршіндерді мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз ету көрсеткішін 96 пайызға жеткіземіз деген ойдамын», — дейді Қайрат Әскербекұлы.

Жеке кәсіпкер Гүлнәр Жүнісалиеваның иелігіндегі «Лашын» балабақшасының жалпы жобалық құны 7 миллион теңгені құрайды екен. Жас ерекшеліктеріне қарай үш топқа бөлінген балабақшада тәрбие және білім беру жұмыстары тек мемлекеттік тілде жүргізіледі. Нысан бір қабаттан және екі блоктан тұрады. Әрбір топ блогына кең де жарық жатын бөлмелер, шешінетін орын кіреді. Заманауи талаптарға сай жабдықталған ғимаратта ойын бөлмелері мен оқу сыныптары бар.

Leave A Reply

Your email address will not be published.