Сарысуда оқу-зертханалық кабинеті ашылды

0 1

Сарысу ауданында жаңа оқу зертханалық кабинеті ашылды. Тау кен саласы бойынша жан-жақты білім беруге негізделген зертханалық орталыққа қазақтың алғашқы инженер –геологы Әшір Бүркітбаевтың есімі берілген. Бұл туралы «Zhambylnews» AA Сарысу ауданы әкімі баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Сарысу ауданының 90 жылдығымен тұспа-тұс ашылып отырған зерханалық кабинетті тамашалауға келгендер аз болмады. Олар ең алдымен жаңатастық жастардың қатысуымен Әшір Бүркітбаевтың өмірі туралы қысқаша қойылым мен көпшілікке ой салар көріністерті көрді. Жаңа ашылған зертхана бірқатар құрылғылармен қамтылған, болашақта тәжірибе алаңдарын ашуда жоспарда бар.

Алдағы уақытта «Қазфосфат» және «Еврохим» сынды алпауыт компанияларымен серіктесіп, жабдықтары толықтырыла түспек.

Leave A Reply

Your email address will not be published.