Әйгілі күйік асуында жол жөнделуде

0 0

Республикалық  мәні бар «Алматы-Ташкент-Термез» автожолына қарайтын ескі Күйік асуының 11 шақырымына орташа жөндеу жүргізіліп жатыр. Сәуір айында басталған жөндеу жұмыстары, қазан айында толығымен  аяқталады деп күтілуде. Бұл туралы «Zhambylnews» AA Jambyl телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автодәлізі ашылған соң, Күйік асуында тек ауыр жүк автокөлігі ғана ары-бері қатынайды. Соңғы жылдары мұндағы жолдың сапасы  нашарлаған. Дер кезінде республикалық бюджеттен қаржы бөлініп, нәтижесінде қазір жөндеу жұмыстары  жүргізілу үстінде.

Қазір бұл автожолдың 7 шақырымы «Ресайклер» әдісімен қайта өнделіп,  қалыңдығы 7 см ыстық асфальтобетон жамылғысы төселуде. Сонымен қатар, биыл  республикалық мәндегі жолдардың бірқатарына дәл осындай жөндеу жұмыстары жүргізілмек.

Қазір мұндағы қызу тірлікке 20 жуық техника тартылып, жұмысшылар тынбай еңбектенуде. Осындай еңбектің  нәтижесінде  құрылыс қазан айында толығымен аяқталады деп күтілуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.