Ер адам өз баласының үстіне тез жанатын сұйықтық құйып жіберді (ВИДЕО)

0 4

Талдықорғанда ер адам өз баласын кепілге алған, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. Оқиға қаланың 4-ықшамауданында болған.

Төтенше жағдайдың мән-жайы анықталып жатыр.

«Ер адам өз баласын кепілге алды. 4-ықшамаудан. Әйелі көрші подъезде, құқық қорғау органдары жұртқа ескерту жасады», — деп хабарлады куәгер.

Қалалық ІІД өкілдері ер адамның ұсталғанын хабарлады. Ол баласының үстіне тез жанатын сұйықтық құйған. Оқиға орнында арнайы қызмет жұмыс істеп жатыр.

«Ер адам ұсталды, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», — деді Алматы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.

Полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын кейінірек хабарлауға уәде берді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.